• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:08:07
+35°

Фото: Коллаж

2020 жыл адамзат үшін оңайға соқпады. Коронавирус, пандемия, карантиннен бөлек өрт, жарылыс, дағдарыс және т.б жағымсыз жағдай орнады. Qamshy.kz ақпарат агенттігі өтіп бара жатқан жылы әлемде болған елеулі оқиғаларды шолып өтті.

 Ирандағы ұшақ жарылысы

Жыл басталысымен, яғни 3 қаңтарда Иранда Киевке бет алған украиналық Boeing 737-800 ұшағы жарылып 176 адам мерт болды. Тегеран кінәлілерді жазалауға уәде берді.

Иранда ұшақ жарылды

Коронавирус пандемиясы

Қытайдың Ухан қаласында белгісіз ауру белгілерімен адамдар ауруханаға толассыз түсіп жатты. Ауру Қытайдың басқа да қалаларына тарады. Қытай белгісіз вирус туралы мәлімдеді. Ауру туралы 2019 жылдың қараша-желтоқсан айларында белгілі болған. Алайда вирус туралы ләм-мим деп жақ ашуға қатаң тыйым салынды. Қаңтардың 20-да ауырғандар саны күрт өсіп, басқа елдерде де вирус жұқтырғандардың бар екені анықталды. Осы уақытқа дейін белгісіз болып келген вирусты COVID-19 деп атай бастады. 20 қаңтарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) әлем бойынша коронавирус таралғанын хабарлады. Ақпанда бірнеше елде 80 мың адам коронавирус жұқтыртты. 11 наурызда ДСҰ коронавирус пандемиясы туралы хабарлады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, әлемде 1.7 миллион адам коронавирустан қайтыс болды. 76 миллион адам коронавируспен ауырды.

Пандемия

Бейруттағы жарылыс

4 тамызда Ливан астанасы Бейрутта қойма өртеніп, соның салдарынан жарылыс болды. 2750 тоннаға жуық амиак силитрасы жарылды. Жарылыста 200 адам көз жұмды, 7 мың адам жарақат алды. Қойма жанындағы үйлер, ғимараттар қирап, шығын көлемі 15 миллион долларға бағаланды. 300 мың адам баспанасынан айырылды.

Бейруттағ ы жарылыс  

Франциядағы террор

16 қарашада Париж маңында мектеп мұғалімі Самуэл Патиді 18 жастағы этникалық шешен Абдулах Анзоров өлтіріп кетті. Ол тарих мұғалімін пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) карикатурасын оқушыларға көрсеткені үшін «жазалауды» ұйғарған. Мұғалім сабақта карикатура жарияланған Charlie Hebdo журналы туралы, Карикатура жарияланғаннан кейін редакцияға жасалынған шабуыл туралы айтып берген.

31 қарашада Лиондағы грек шіркеуінде белгісіз ер адам 52 жастағы дін қызметкеріне оқ атты. Францияда 2012 жылдан бері 300 адам теракт салдарынан мерт болды.

Франция

 Таулы Қарабақ қақтығысы

Қыркүйек және қараша аралығында Таулы Қарабах қақтығысы болды. Әзербайжанда ол ресми түрде Отан соғысы деп аталады. Ал Арменияда Екінші Арцах соғысы  деп аталады. Екі ел арасындағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталды.Әзербайжан 2783 сарбазынан айырылды. Арменияның 2718 сарбазы қаза тапты. 10 қарашада Таулы Қарабақ үшін соғысты тоқтату туралы шешім қабылданды.

Таулы Қарабақ соғысы

 Беларусьтегі көтеріліс 

Беларусьтегі президент сайлауында Александр Лукашенко жеңіске жеткеннен кейін ел бойынша митингтер басталды. Белорусь халқы президент сайлауының әділ өтуін талап етті. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, 30 мың адам ұсталды.

Беларусь митинг

Аустралиядағы өрт

Аустралиядағы өрт салдарынан 1 миллиард жануар өлді. 2019 жылдың маусым айынан 2020 жылдың ақпанына дейін жалғасқан өртте 28 миллион гектар жер өртеніп, 27 адам қайтыс болды, 2 мың үй тұруға жарамсыз болып қалды.  

Аустралиядағы өрт

 

Әсем Әлмұханбет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір