29 Желтоқсан, 2020 NEWS
Фото: Жамбыл облысының баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың "жалған" вакцинасын желіде талқылауда. Аймақ әкімдігі әлеуметтік желі қолданушыларына Сапарбаевтың вакцина салған суретіне қатысты жауап берді.
"Кейбір желі қолданушылары Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевқа коронавирусқа қарсы салынған екпе шприці жабық, яғни қалпағы болған деп күмән келтірген еді.
Арнайы осы азаматтар үшін басқа да ине анық көрінетін сапалы суреттерді жариялап, фото-коллаж әзірледік. Әрине, мұны фотошоппен жасалған дүние деп айтатындар табылар. Қажет болса, фотосуреттердің түпнұсқасын ұсынуға әзірміз" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Облыс әкімінің отандық вакцинаны салдырған суреті желіде тарағанда оны көргендер "көзбояушлық", "халықты алдау", "шприцтің қалпағын шешу керек" деген пікірлер жазған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір