• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:40:17
Алматы
+12°

29 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар

Депутаттыққа үміткерлер Жамбыл облысының бірнеше елді мекенін аралады

Келесі жылдың 10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттардың кезекті сайлауына орай «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып келеді. Осы орайда 29 желтоқсан күні ауданға ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына Жамбыл облысынан кандидат Сұлтан Өсербаев келіп, бірнеше елді мекенде аралады.

фото: "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметі

Сұлтан Өсербаевпен бірге облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Зәуреш Қадырбекова, Мәди Мүлкеманов және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мырзағали Күзербаев, Ерік Курумбаев және Айша Идыбо жүріп, алдыменен Булар батыр ауылына ат басын бұрды. Ауылдық дүкеннің алдында жергілікті тұрғындармен экспромт кездесу өткізген кандидаттар халықты еліміздің тағдырына бей-жәй қарамай, алдағы сайлау науқанына белсене қатысуға үгіттеді.

Партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттаған үміткерлер соңғы жылдары аудандағы атқарылған жұмыстарды баяндады. Тұрғындар партияның және Елбасының қолдауымен жасалған тындырымды тірліктерге оң бағасын беріп, әрқашанда «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді. qamshy.kz

Осыдан кейін үгіт-насихат тобы Сортөбе ауылына жол тартып, «кандидат қонаққа» канвассингі аясында ауыл тұрғыны Омар Харбиевтің үйіне барды. Зейнетке шыққан ақсақал жары Фатме Харбиевамен бірге 6 баланы өсіріп, олардан ұрпақ сүйіп, тәрбиелеуде. Өмір бойы еңбекке араласқан Омар Харбиев бүгінде сол белсенділігін жалғастырып ауылдық ақсақалдар кеңесінде жұмыс жасап, жастарға тәрбие беру ісіне атсалысып келеді. Харбиевтер отбасымен сұхбат құрып, хал-жағдайын сұрастырған кандидаттар 10 қаңтар күні сайлауға келуін сұрады. Бұл науқанда «Nur Otan» партиясын қолдауға үгіттеді. Кейіннен кандидаттар Сортөбе ауылының көшелерін аралап «есіктен есікке» акциясын жүргізді.

Осы күні Сортөбе ауылдық мәдениет үйіне халық жиналып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын тыңдады. Сұлтан Өсербаев, Зәуреш Қадырбекова, Мәди Мүлкеманов, Мырзағали Күзербаев, Ерік Курумбаев және Айша Идыбо партияның қолдауы және бастамасымен атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Мәселен, Зәуреш Қадырбекова медицина саласында атқарылған жұмыстарды баяндады. Соңғы жылдары ауданда 8 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік аккушерлік пункт, 9 типтік медициналық пункт салынған. Орталық ауруханаға компьютерлі томограф, ультрадыбыстық эксперт класты аппараттар, өкпені жасанды желдету аппараттары, жаңа туған нәрестеге арналған инкубатор, цифрлы рентген аппараты, цифрлы маммограф, жылжымалы медициналық кешендер алынған. Ал, алдағы жылы аудан орталығында аурухана салынса, Сортөбе ауылында да жаңа аурухана салу жоспарда бар.

Өз сөзінде Сұлтан Өсербаев ҚР Парламенті Мәжілісіне депутат ретінде сайланатын болса бірінші кезекте жастар саясатына үлкен көңіл бөлетінін жеткізді. Оның сөзінше, жастарға көп мүмкіндік беру керек. Білім, ғылым саласын дамытып, жастарға кәсібін ашып беруге мол мүмкіндіктер жасалуы тиіс.

Ауыл тұрғындары биыл Сортөбеге газ құбыры тартылғанына дән риза. Сонымен қатар, ауылдағы жолдар жөнделіп, Ауқатты-Бәйтерек-Өтеген тас жолы ашылды. Бұл аудан орталығына қатынауды айтарлықтай жеңілдеткені рас. Мұнымен қоса келесі жылы Сортөбе-Ауқатты-Қызылсай тас жолы да жөнделмек. Осының барлығы партияның арқасында екенін бір ауыздан айтқан сортөбеліктер алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді.

"Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір