• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 03:05:25
Алматы
+35°

"Наразылықты тоқтатпаймыз". Алматыда "Гарант 24 ломбард", "Еstate ломбард" және "Выгодный займ" қаржы пирамидаларына алданғандар тағы да арызын айтуға жиналды. Қолына плакат ұстап шыққан тұрғындар "миллиардтаған қаражат кері қайтпай қала ма?" деп қауіптенеді. Бұл туралы ktk.kz хабарлады 

Әлі күнге дейін ақшасын қайтара алмаған жәбірленушілер мыңдаған адамның тағдырына енді президент араша түссе деп сұрайды.

Салғам сомам 3 миллион теңге. Оны банктен несиеге алдым. Отбасым, әпкелерім, апам, ата-анам тағы басқа достарым бәрі осы компанияға ақша салды. Кім бұл компанияға екі жыл бойы жұмыс істеуге рұқсат берді?! Мемлекет берді. Енді солай бізге де көмектессін. Қалай рұқсат берді, осы алаяқтарға, тура солай көмектессін, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Ақкенже Ғұмарова. 

Жыл басында атышулы компаниядан зардап шеккендердің саны 17 мыңнан асып кеткен. Шығын көлемі – 20 миллиард теңге. "Гарант 24 ломбард", "Еstate ломбард", "Выгодный займ" және "Нур-Али Капитал" серіктестіктерінің басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өткен айда аяқталды. Барлығы 50 адам күдікке ілінсе, соның 33-і соттың санкциясымен қамалған. Қалған бес күдікті үй қамағына алынса, 12 адам ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен бостандықта жүр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қаржы пирамидасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір