• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 19:55:31
Алматы
+35°

06 Қаңтар, 2021 Барлық аймақтар

Квазимемлекеттік сектордағы әйелдердің үлесі 30%-ке дейін ұлғаяды

Кездесуге Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Г.Избасарова мен Ж.Уалиханова «Nur Otan» партиясы атынан қатысып, үгіт-насихат барысында отбасы бақуаттылығы жайлы тармақтарына тоқталды.

Фото: Нұр Отан

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарлама жасаған кезде, еліміздің әл-ауқатын, тұрмыс жағдайына, басты құндылықтары мен экономикалық және инновациялық дамуына қарай жасақталды. Барлық саланы дамуы бағыттары қарастырылғаны үгіт-насихат барысында сайлаушыларға баяндалып жеткізілуде. Партия атынан сараланған кандидаттар сайлауалды бағдарламаны халық арасында жан-жақты жеткізіп, партия жақтаушыларын санын артырып, дауыс беруге шақырып жүр. Сондай кездесулердің бірі бүгін аудандық әжелер алқасының өкілдерімен өтті.

жиналыс

Кездесуге Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Г.Избасарова мен Ж.Уалиханова «Nur Otan» партиясы атынан қатысып, үгіт-насихат барысында отбасы бақуаттылығы жайлы тармақтарына тоқталды.

Отбасы – партиямыздың басты құндылықтарының бірі. Отбасын қолдау және нығайту – еліміздің табысты дамуының кепілі. Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады. Партия отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстандық отбасылардың (көпбалалы, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған) экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, отбасылық жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылданады. Азаматтарды әлеуметтік қолдаудың барлық шараларының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін бірыңғай Әлеуметтік кодекс әзірленеді. Ауылдық жерлерде жалдамалы тұрғын үй салуға ынталандырады. Отбасы институтын нығайту бойынша: Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету бойынша «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру жалғасады. Ұрпақ өрбіту бойынша денсаулығында дерті бар отбасыларға экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) шарасын жүргізуге жыл сайын 7 мың квота бөлінеді.

Жиналыс

Біз мектептің де, ата-аналардың да балалар тәрбиесі үшін жауапкершілігін күшейтуге серпін беретін мектеп пен ата-аналардың өзара ісқимылының жаңа форматына өтеміз. Әрбір қалада және ауданда Отбасын қолдау, отбасылық дауларды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша мекенжай беру орталықтары ашылады. «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданып, отбасылық соттар құрылады.

Елдің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттыру, олардың қабілеттерін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау – біздің саясатымыздың басымдықтарының бірі. Әйелдерді өкілдік етуші органдарға ұсыну үшін Nur Otan өзінің партиялық қатарына кем дегенде 30% әйелдерді қосады. Атқарушы, өкілді, сот органдары басшылығындағы және квазимемлекеттік сектордағы әйелдердің үлесі 30%-ке дейін ұлғаяды. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, бизнесті қолдау бағдарламаларының шеңберінде жеңілдікпен кредиттер және гранттар беру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру орталықтары ашылады.

жиналыс

Өңірлер, қалалар мен аудандар бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтерге, түрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік шегінде гендерлік қажеттіліктер мен сұраныстар картасы әзірленеді.

Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстар тізімін жою үшін заңдарға өзгерістер ұсынылады.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұр Отан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір