• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:47:11
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы – халқымыздың өткеніне мен бүгінін бағалайтын, болашағына бағдар беретін парасатты бастамасы жайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында ұстаздар ұжымы арасында 6 қаңтар күні пікір сайыс (бұл жайында мәліметті www.kaznu.kz сайтынан толығырақ біле аласыздар) ұйымдастырылды.

Президент өз мақаласында Тәуелсіздік алғанымызға биыл отыз толатынын, осы жылдар ішінде мемлекетіміздің дағдарысы мен дамуы алмасқан мезгіл болғанын, Тарих атты шежіре атамызға бұл отыз жыл қас-қағым сәт болғанымен, біздің еліміз үшін тәуелсіздік тұғырын тұрақтандырған, ұлттық құндылықтарымызды саралап қалыптастырған қиыншылықты қуанышпен алмастырған кезең екендігіне тоқтала, азаттықтың отыз жылын тұтас дәуір ретінде қарастырып, үш үлкен кезеңге бөледі.

Әрбір онжылдықтың мемлекетіміз үшін өзіндік орны бар екенін парасатты түрде пайымдап, алғашқы онжылдықты жас мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын тіккен, мемлекеттің іргетасын қалаған белесі деп, Ата заңымыз қабылданып, ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы айналымына енгенін, еліміздің қорғаны Қарулы Күштеріміз құрылған, саяси-экономикалық аренада алыс және таяу шетелдік елдермен, тіпті АҚШ, Түркия, Жапония, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы алпауыт мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатып, әлемдегі беделді халықаралық ұйымдарға мүше болғанын атап өтіп, алғашқы онжылдықта Қазақстан өзінің Азия барысы ретінде таныла бастағаны туралы және бұндай ізгілікті қадамдардың еліміз үшін өте маңызды болғанын талдап көрсетеді.

«Қазақстан-2030» стратегиясы еліміздің Нарықтық экономикаға көшуіне, тағдырдың тәлкегімен, тоталитарлық жүйенің теперешінен әлемге тарыдай шашылған қазақ халқының атамекеніне қайта оралуына кеңінен жол ашқан Ұлы көштің бастауы болғанын және бұл Ұлы көш жоғалтқанымызды тауып, жоғымызды қайта тапқан ұлттық рухымызды көтеріп ел еңсенін тіктеген маңызды белес екенін баяндады. Келесі онжылдықтың тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін нақты да маңызды шара – құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, халқымыздың асыл қазынасы, ата-баба мұратын, аманатын, тарихымызды қастерлейтін «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, еліміздің басты экологоиялық мәселелеріне басты назар аударылып, кепкен Арал теңізін қалпына келтіру шарасы қолға алынып, еліміздің экономикасы нығайғанын атап өтті.

Үшінші онжылдықтағы «Қазақстан-2050» стратегиясы, әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол» «100 нақты қадам» секілді көлемді игі шаралардың жүзеге асырылып, рухани жаңғырудың жаңа кезеңі басталған маңызды кезең екендігіне тоқталып, басты бағдарламалар мен жобаларды «мақаланың «бағда мен белес» атты тарауды нақты атап көрсетті. Президентіміздің бұл мақаласы халқымыздың өткені мен бүгініне нақты баға берген, болашағына бағдар беріп, «Жоңғар шапқыншылығы кезінде «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» басынан кешкен, патшалық Ресейдің боданы болған, коммунисттік тоталитарлық жүйенің де «ашаршылық» пен репрессиясын, Ұлы Отан соғысын басынан кешкен біздің ел үшін Тәуелсіздіктің маңызы зор екенін, Тәуелсіздік тұғырының берік болуы Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен береке-бірлігінде атап көрсеткен, болашақ ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін еңбек етуге шақырған әлеуметтік-тәрбиелік саяси мәні зор мақала болды.

Р.Т.НАРАЛИЕВА

А.К.БЕГАЛИЕВА

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір