• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:53:24
Алматы
+12°

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдердің 41-саммиті барысында "Әл-Ула Декларациясына" қол қойылуын құптайды, деп хабарланды.

"Ресми Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Мысыр және Қатар мемлекеті арасындағы қатынастардың жақсаруы осы елдердің бауырлас бірлігінің нығаюына және өңірдің одан әрі өркендеуіне қызмет етеді" делінген СІМ хабарламасында.

Бұл қадам 2016 жылғы Ислам ынтымақтастық ұйымы Стамбулдағы саммитінде Қазақстан ұсынған Исламдық татуласу үрдісінің идеясына сай келеді.

Қазақстан Таяу Шығыс өңіріндегі барлық елдермен әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенін мәлімдеді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір