• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:13:17
Алматы
+12°

Ақмола облысында жолда қалған 40-тан астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат сайты хабарлады.

Ақмола облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Астрахан ауданының құтқарушыларына "Екатеринбург-Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолында автобус жолда қалды деген хабарлама түскен.

Айтылған жерге жеткен құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері автобуста болған 43 жолаушыны (оның 8 бала) эвакуациялап, Новочеркаск ауылындағы жылыту пунктіне орналастырды. Жолаушылар медициналық көмекке жүгінген жоқ, – делінген департамент хабарламасында.

Қыс айларында Ақмола облысында республикалық және жергілікті автокөлік жолдарының қауіпті учаскелерінде 257 жылыту пункті жұмыс істейді.

Ақмола облысында бір аптадан астам уақыт бойы ауа температурасы минус 37 градус аязды көрсетіп тұр. Осыған байланысты 7 қаңтардан бастап, қоғамдық және дизель отынымен жүретін көліктердің жолға шығуына тыйым салынған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақмола облысы ТЖД

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір