• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:59:43
Алматы
+12°

08 Қаңтар, 2021 Әлеумет

6 жыл құлдықта болған қыз: Иттерге талатамын деп қорқытты

#НеМолчиKZ қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook парақшасында 12 жыл құлдықта болған қыздың ауыр тағдырын баяндады.

Фото: коллаж

12 жастағы қыз 6 жыл құлдықта болған. Ол анасы және әжесімен Ташкенттен (Өзбекстан) Алматыға келеді. Анасы әжесінің құжаттарын біреуге кепілге беріп өзі оларды тастап белгісіз жерге кетіп қалған. Ол уақытта қыздың жасы 11-де еді. Анасының құрбысы оларға үйінде уақытша тұруға рұқсат береді. Көп уақыт өтпей олардың өмірінде А пайда болды. Ол қыз бен әжесіне шұлық, орамал секілді тауарды сатуды ұсынады. Әжесінің құжаты жоқ, ал қыздың тек туу туралы куәлігі ғана бар болғандықтан амалсыз келіседі. Бір ай әжесі мен қызы пәтер жалдап тұрады, одан кейін А оларды ата-анасының үйіне көшіріп әкеледі. А-ның анасы бірінші күні-ақ екеуіне үй жұмысын істеуге мәжбүрлегенін еске алды. Олардың күні өзгермейтін сценариймен өтетін. Әжесі мен немересі үй жинап, тамақ пісіріп, кір жуып, 15 алабайды тамақтандырумен айналысатын. А-ның әкесі иттерді сатумен айналысады.

Қыз 12 жасқа толғанда А (оның жасы ол уақытта 24 еді) үйде олардың жалғыз қалғанын пайдаланып қызды зорлайды. Қыз жыныстық қатынасқа түсуге физикалық тұрғыда жетілмесе де А қызды күнде зорлауды әдетке айналдырған. Қыз А-ның анасына болған жағдайды баяндады, алайда А-ның анасы бұл жағдай туралы ешкімге тіс жармауын талап еткен. Зорлау туралы қыздың әжесі естігенде жанжал шықты. Сол уақытта А-ның әкесі араласып, біреуге шағымданса олардың соңына түсіп, бөтен елде жүргенін еске салып,  «быт-шытын» шығарып, қалдықтарын иттерге беремін деп қорқытқан.

Бір жылдан кейін қыз 14-ке толғанда бала көтереді. Жүктілік туралы әжесі білмейді. А-ның ата-анасы әжесі істің мән-жайын түсінбей тұрғанда одан құтылудың жолдарын іздейді. Әжесін қуып, қызды үйде қалдырады.

Жүктілік кезінде қызды дәрігерге апармаған. А кәмелет жасқа толмай тұрып қылмысқа барған, үйінен жиі қашып кетіп жүрген. Қызды үйге көшіріп алып келгеннен кейін үйден жыраққа кетуді қойған. Үйде тегін үй қызметкерін, баласына секс құлдықта болатын «әйел» ұстау отбасы үшін тиімді еді.

Отбасы қызды жүктілік кезінде қамауда ұстап, әжесімен телефонмен сөйлескенде қасында отырып, әр сөзін аңдыған.

Перзентханаға бармас бұрын А-ның анасы баласы түрмеге отырмауы үшін дәрігерлерге айтатын сөздерін алдын ала дайындап, айтқанын бұлжытпай қайталауын талап етеді.

Қыз  ауыр босанды. Дәрігерлер жатырды алып тастауды ойлады, қуанышқа орай оны аман алып қалды.

А-ның анасы полицияға қыздың Өзбекстан азаматымен байланысқа түсіп, одан бала көтергенін айтады. Қызды ана мен бала үйіне алып кетеді. Бұл уақыт қыз ауыр депрессияда болғандықтан көп жағдай есінде жоқ. Қыз күні бойы терезеге қарап үнсіз отыратын болған.  Ана мен бала үйінің қызметкерлері қызды есінен ауысқан деп ойлаған. 

Екі апта өткеннен кейін А-ның анасы қызды өз қамқорлығына алғысы келетінін айтып, ана мен бала үйі қызметкерлерінің сеніміне кіріп, қыз бен сәбиді алып кеткен.

Заңсыздық үшін жазасын өтемегеннен кейін қызды құлдықта ұстаған отбасы одан сайын күшіне мінді.

Қыз 16-ға толғанда екінші баланы дүниеге әкелген. Ол уақытта қыздың белгісіз біреумен өз қалауымен жыныстық қатынасқа түсіп, одан бала көтергенін айтқан. Екінші жүктілік кезінде де қызды дәрігердің тіркеуіне қоймаған, тексермеген.

Ұл бала дүниеге келгеннен кейін ол қатты ауырды. Сәбидің іші ауырып, құсқан. Қыз ұлын дәрігерге көрсетуін өтінсе де балаға медициналық көмек көрсетілмеді. Үш айдан кейін сәби шетінеп кетті.

А қамауға алынды. Оның ата-анасы бостандықта, яғни ана мен қыздың өміріне қауіп төніп тұр деп қауіптенеді Дина Таңсәрі. Оларды мемлекет қорғауы керек деген ойда.

Қыз құлдықта болған 6 жылда бірде бір рет өз еркімен жыныстық қатынасқа түспеген. Қыз жыныстық қатынас кезінде ауырлық сезімін сезінгенін және ол туралы талай мәрте айтса да А оны зорлауын тоқтатпағанын айтты.

Алматылықтар қыз бен баласына материалдық және моральдық көмек көрсетті. Дина Таңсәрі жиналған қаржыға азық-түлік, дәрі-дәрімек пен басқа да қажетті заттар сатып алынғанын айтады. Қайырымдылыққа 393 555 теңге жиналды. Қазір қыз бен анасы туу туралы куәлік алды. Іс ҚР Білім және ғылым министрлігі, Өзбекстанның балалар омбудсменінің қарауында.

Қыз бен оның баласына көмектескісі келетіндер Алмат Мухамеджановтың атына тіркелген +7705 151 0000 нөміріне «Алматыдағы қызға» (для девочки из Алматы) деп жазып ақша жібере алады.

Бүгін Дина Таңсәрі желіде қыздың әжесі жұмыс тапқанын жазды. Өзбекстанның Қазақстандағы Бас елшісі қабылдағанын хабарлады. Өзбекстан елшілігі отбасы мүшелеріне құжат алуға көмектеспек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір