• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:13:16
Алматы
+35°

Қазақстанның үш облысында ауа-райына байланысты автомобиль жолдары жабылып, қозғалыс тоқтатылды. Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлады. 

12 қаңтарда қар мен қарлы боранға байланысты Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы және Ақмола облысында барлық көлік түрлерінің жол қозғалысына шектеу енгізілді. 

Солтүстік Қазақстан облысында – барлық бағыттар бойынша шектеу бойылса, Қостанай облысында төмендегі автомобиль жолдары шектелді:

Екатеринбург – Алматы (Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске);

Мамлютка – Қостанай (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Ұзынкөл ауылына дейінгі учаске).

Ақмола облысындағы шектеу қойылған автомобиль жолдары:

Көкшетау – Рузаевка (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);

Көкшетау – Омбы (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске);

Нұр-Сұлтан – Петропавл (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);

Макинск – Ақсу – Торғай (Макинск ауылынан Торғай ауылына дейінгі учаске).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір