• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:19:50
Алматы
+35°

Алматыда есірткі контрабандасымен күрестің әлемдік тарихындағы көлемі жағынан екінші героин партиясы жойылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Жетісу көлік прокуратурасының үйлестіруі және арнайы комиссияның қатысуымен жалпы салмағы 1,1 тоннадан асатын героиннің аса ірі партиясын жойған.

"Есірткіні комитет қызметкерлері Германияның қылмыстық кеден полициясымен бірлесіп, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Литва, Польша және Нидерланды құқық қорғау және кеден қызметтерінің көмегімен өткізген халықаралық арнайы операция нәтижесінде тәркілеген.

Осылайша, 2019 жылдың қазан айында Қазақстан аумағына "өңделген мәрмәр" деген атаумен жүк әкелінді. Нидерландыға жөнелтілген тауарды тексеру кезінде тергеушілер героин бар 2208 брикетті анықтады. Ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі транзитін Ираннан Еуропалық Одақ елдеріне өткізуді жоспарлаған.

Аталаған есірткінің бір бөлігі, Қаржы мониторинг қызметкерлерінің бақылауымен Германияға жеткізілді, мұнда тауарды алу кезінде, Түркия елінің азаматтары ұсталған болатын.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (есiрткi, психотроптық заттармен, сол тектестермен байланысты айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың аса iрi мөлшерде жасалған контрабандасы).

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: есірткімен күрес

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір