• USD 427.15

  • EUR 519.12

  • RUB 5.96

  • CNY 66.84

12 Маусым, 20:35:48
Алматы
+19°

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50%-ға өсті. 2022 жылы лауазымдық жалақы 25%-ға, ал 2023 жылы тағы 25%-ға өседі. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен алдағы үш жылға 95 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорған министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Үкіметінің 12 қаңтарда өткен отырысы аясында "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулы қабылданып, оған сәйкес өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) лауазымдық жалақысын үш жыл ішінде арттыру көзделген.

Нәтижесінде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қызметкерлердің лауазымдық айлықақысы 50%-ға, 2022 жылы ағымдағы мәннен 25%-ға, 2023 жылы тағы 25%-ға өседі.

Қаулыда сондай-ақ қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 30%-ынан лауазымдық жалақының 40%-ына өзгерту жолымен стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін әкімшілік және қосалқы персонал үшін жалақыны арттыру көзделген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір