21 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: © REUTERS / Jonathan Ernst
Джо Байден ант қабылдап, АҚШ президенті қызметіне кірісті, деп хабарлады РИА Новости сайты.
"Мен, Джо Байден, Америка Құрама Штаттары президентінің міндеттерін адал орындаймын деп салтанатты түрде ант етемін және Америка Құрама Штаттарының Конституциясын қолдаймын және қорғаймын" деп Джо Байден салтанатты түрде ант қабылдады.
АҚШ-тың жаңа президенті "шын жүректен" бірлікке ұмтылатынын және барлық американдықтарды осыған шақыратынын мәлімдеді.
– Американың болашағын қамтамасыз ету үшін, барлық қиындықтарды жеңу үшін сөздерден гөрі көп нәрсе қажет... - бірлік... Бүгін, қаңтардың осы күні, менің ойым - Американы біріктіру, халқымызды біріктіру, ұлтымызды біріктіру. Мен әр американдықтан осы мақсатта маған қосылуын сұраймын,– деді ол ұлықтау рәсімінде.
Байденнің айтуынша, оның сайлануымен демократия жеңді. Ол АҚШ одақтарды қалпына келтіріп, әлеммен қайта байланыс орнататынын айтты. Оның айтуынша, Америка бейбітшілік пен қауіпсіздік ісінде мықты және сенімді серіктес болады
– Бұл - Америка күні, демократия күні. Бүгін біз үміткердің жеңісін емес, мақсаттарын атап өтеміз. Біз демократияның қымбат, нәзік екенін тағы да түсіндік. Осы сағатта, демократия жеңіске жетті. Біз одақтарымызды қалпына келтіреміз және тағы да әлеммен байланыс орнатамыз. – деді Байден.
Байден пандемия құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік үшін инаугурация кезінде сөйлеуді тоқтатты.
78 жастағы демократ Джо Байден АҚШ-тың 46-шы президенті болды. Ол қараша айында өткен сайлауда республикашыл Дональд Трампты жеңді. Трамп Байденнің инаугурациясына қатысудан бас тартты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір