• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:43:54
Алматы
+12°

Еуропарламент Ресей билігі оппозиционер Алексей Навальныйды қамауына байланысты Еуро одақ елдерін Ресейге қарсы санкцияны күшейтуге шақырды.

581 депутат қолдап, 50 депутат қарсы дауыс беріп, 44 депутат қалыс қалған резолюцияда парламент ЕО-ға мүше елдерді Алексей Навальныйды қамауға байланысты белсенді позиция ұстануға, Ресейге қатысты шектеу шараларын күшейтуге шақырған. Бұл Навальныйды ұстауға қандайда бір байланысы бар жеке және заңды тұлғаларға да қатысты.

Санкция ЕО елдерінде активтері бар және сол елдерге бара алатын президент Путин режимімен байланысы бар ресейлік олигархтарға, Путинге жақын адамдар мен ресейлік БАҚ-тағы пропагандистерге де салынуға тиістігі айтылады.

Сондай-ақ ЕО-ның адам құқығы саласы бойынша жаһандық санкциялардың жаңа режиміне байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

Депутаттар Еуро одақ бұдан былай шығу төркіні белгісіз ресейлік байлыққа қонақжайлық танытпау керектігіне назар аударды.

Соңында резолюция Алексей Навальный мен оның Ресейге оралуы барысында ұсталған өзге тұлғаларды дереу босатуды талап етеді. "Мейлі ол журналистер болсын, оның командасының мүшесі немесе қолдау көрсеткен азамат болсын босатылуға тиіс" делінген еуропарламент сайтындағы мәлімдемеде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір