• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:11:21
Алматы
+35°

23 Қаңтар, 2021 Саясат

Фото:

Сенбіде Ресейдің шығысында ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау мақсатында алғашқы митинг өтті. Полицейлер митингке 500 адам қатысқанын айтады. Басқа деректерге сәйкес, қарсылық акциясына 3000 адам шыққан.

Сібірдегі Якутск қаласында халық -50С температураға қарамастан митингке шықты. "ОВД Инфо" тәуелсіз қоғамдық ұйымның ақпаратына сәйкес, полиция ел бойынша 48 адамды ұстап әкеткен.

Якутск. Митинг

Полицейлер рұқсат етілмеген кез келген митингке қатысушылар қатаң жазаланатынын хабарлады. Сондай-ақ Ресей биілігі наразылар қатаң репрессияға ұшырайтынын ескертті.

Митинг Ресейдің 60 қаласында өтеді деп жоспарланған. Ең ірі ошақтардың бірі – Мәскеудің Пушкин алаңы. Полицейлер қазіргі сәтте алаңды қоршап алған.

Митингке шақыратын видеороликтер көбіне жасөспірімдер отыратын TikTok желісінде де тараған. Ресейдің білім және ғылым министрлігі ата-аналараға балаларын митингке жібермеуін қатаң ескертті.

Алексей Навальный кім?

Алексей Навальный ресейлік оппозиционер. 2018 жылы өткен президенттік сайлауға қатысқан. Алайда оның кандидатурасы алынып тасталды.

Былтыр тамызда 44 жастағы Навальный белгісіз затпен уланды. Алексей Навальный бұған Ресей президенті Владимир Путинді айыптады. Оның айыптауларына журналист тергеушілер де қосылды. АҚШ пен ЕО Ресейден Навальныйды босатуын талап етуде.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір