• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:09:51
Алматы
+35°

23 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау мақсатында өткен митингтердің бірінде әйелді тепкен ОМОН қызметкері жұмыстан шығарылды.

Желіде Санкт-Петербург қаласындағы митингте наразы адамды ұстап әкетіп бара жатқан бір топ ОМОН қызметкері алдыларынан шыққан әйелді тепкен видео тараған.

Әйел омондықтарға "Оны қайда әкетіп бара жатсыңдар?" деп сұрағаны сол еді ОМОН қызметкерінің бірі оны теуіп жіберді.

Жапа шегуші 54 жастағы Маргарита Юдина есімді әйел екені анықталды.

Кейіннен Маргарита Юдина реанимацияда ауыр халде жатқаны белгілі болды.

Артынша, әйелді тепкен ОМОН қызметкері оны ауруханаға іздеп келіп, кешірім сұрады. Ол Маргарита Юдинаға гүл сыйлап, ақталуға тырысқан. Өзінің әрекетін сол күн өте ауыр болғанымен және көзіне газ шашылғанын айтып түсіндірді. 

Қазіргі сәтте 54 жастағы Маргарита Юдина ауруханадан шықты. Ол ОМОН қызметкерін кешіргенін айтады. 

Митингте әйелді тепкен арнайы жасақ өкілі жұмыстан шығарылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір