• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:30:19
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстанның бас санитар дәрігері  Х.Илюбаев облыстың барлық аумағында 25 қаңтардан 7 ақпанға дейін шектеу шараларын күшейту туралы қаулы шығарды.

"2021 жылғы 25 қаңтардан бастап 7 ақпанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін" делінген қаулыда.

Құжатқа сәйкес облыста санитарлық бақылау бекеттері қойылды. Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына Павлодар облысы жағынан екі бақылау бекеті қойылды.

Сонымен қатар "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекет жұмыс істейді. 

Қаулы 2021 жылғы 25 қаңтардан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір