27 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: government.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов отандық QazCovid-IN вакцинасын таңдайтынын айтты.
Тілшілердің "сіздер вакцинаны салдырасыздар ма?" деген сұрағына вице-министр:
– Біз – министрлік басшылығы, министрлерден бастап екпе жасатуға өз еркімізбен барамыз. Өз басым қазақстандық вакцинаны таңдап отырмын. Бұл вакцина қолдануға берілгенде, ең біріншілердің бірі болып ектіреміз, – деп жауап берді.
Еске салсақ, Қазақстанда коронавирус вакцинациясы 1 ақпанда басталады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір