• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:44:13
Алматы
+12°

Желіде ресейлік "Спутник V" вакцинасының қорқынышты жанама әсерлерін "дәлелдейтін" аудиожазба мен видео таратылуда. "COVID-19-ға қарсы егілген екпе салдарынан қазақстандықтарда әлсіздік, дененің ауырсынуы, тіпті құрысулар байқалған. Жағдай Байқоңырда болған" деп шуласты желі қолданушылары. Stopfake сайты ақпарат фейк екенін мәлемдеді.

"Спутник V" вакцинациясының салдары деп ұсынылған видео шын мәнінде ескі. Ол 2015 жылы Жаңаөзенде түсірілген. Ол кезде қызылшаға қарсы вакцинация 400-ге жуық орта мектеп оқушысында ерекше жанама әсерлер тудырған болатын. Мұндай әсерлер тек қыздарда және тек нақты қалаларда ғана тіркелді, ал вакцинаны ел бойынша жүздеген мың адам алған. Осыны ескере отырып, мамандар кейінірек жанама әсерлердің туындауына вакцинаның өзі емес, жаппай психоздың болуы себеп болды деген қорытындыға келген.

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация әлі басталған жоқ. Оны 1 ақпанда бастау жоспарланып отыр. Бірінші кезекте екпе мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және тәуекел топтарының басқа да өкілдеріне жасалады.

Сонымен қатар, "Спутник V" вакцинасының тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Ол тышқандарға, приматтардың екі түріне және адамдарға сыналды. Хабарламада сипатталған жанама әсерлердің туындауы туралы хабарланған жоқ. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір