• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:33:56
Алматы
+12°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстанда бес вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Шпекбаевтың айтуынша, 2020 жылы түрлі дәрежедегі 210 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

– 722 адам сотталды, оның ішінде бір облыс әкімі, облыс әкімдерінің нақты орынбасарлары, екі жауапты хатшы, комитеттердің екі төрағасы, бір елші, бес судья, 10 аудан әкімі мен олардың орынбасарлары. Бес вице-министрге, комитеттердің бес төрағасы мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың бес топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істер тергелуде, – деді Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алқасының отырысында.

Сондай-ақ Шпекбаевтың мәліметінше, 2020 жылы 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыс, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 112 фактісі анықталған. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтарды (ҰҚТ) құру фактілері бойынша төрт іс қаралады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір