• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:40:45
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде өзін "Артем, Рудный қаласынанмын" деп таныстырған адам Ресей думасы депутаттарының Қазақстан жері туралы айтқан даулы мәлімдемелері мен мұндай депутаттарға іші жылитын қазақстандықтар туралы не ойлайтынын жеткізген видео тарап жатыр.

– Әлдебір кіреберістерде айтылып жатқан әңгімелерге қатысты былай дегім келеді: қазақтар, сіздер бізге бауырсыздар. Орыстардың барлығы ондай емес. Ант берген, сол антына адал дұрыс жігіттер де бар, – деген ол ресейлік депутаттардың сөзін қолдаушылар "әскерде болмағандар немесе ант қабылдай тұрып, оны жете түсінбегендер" деп есептейтінін айтқан.

"Қазақ жерін оңай ала қоя алмайсыңдар. Мен мұны ресейлік барлық депутатқа айтып отырмын. Мен қазақ халқына ант бергем, Қазақстан үшін өмірімді қиюға әзірмін" делінген видеода.

Оның айтуынша, осылай істеуге даяр тұрған көптеген этностар бар.

Сонымен қатар ол қазақ тілін үйренуге шақырып, өзі секілді ойын ашық білдіргісі келетіндер аз екенін айтты. Сөзінше, оларды ұстанымы үшін сөгуі мүмкін.

– Мен ант қабылдап, әскерде болған жігіттерге "Отанды сатпайық" деп қадап айтқым келеді, – деді ол.

Бүған дейін Ресей думасының бірнеше депутаты Қазақстан жері мен оның тұтастығы туралы "Қазақстан жері Ресей тарапынан жасалған сыйлық" деген мағынада арандатушылық сөздер айтқан. Бұл даулы мәлімдемедер Қазақстанда қызу талқыланып, азаматтардың наразылығын тудырған.

Ресей билігі депутаттардың сөзі "ресми ұстанымды білдірмейді" деген.

Қазақстан билігі даулы мәлімдемелерге наразылық ретінде алдымен сыртқы істер министрлігі арқылы арнайы нота жолдады. Артынша президент Қ.Тоқаев 2020 жылғы 31 желтоқсанда қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтау сәтінде, 2021 жылғы 5 қаңтарда жариялаған мақаласында "ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз керек" деп мәлім еткен.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір