• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:02:05
Алматы
+12°

Жағажайда таңертеңгі жүгіру кезінде жергілікті тұрғын теңізде қалқып тұрған жарқыраған ұшатын затты байқады. Бұл туралы Лондонда шығатын The Daily Mirror басылымы хабарлады.

Қозғалатын затты Мексика шығанағындағы әйел видеоға түсіріп, көпшілік оны "ұшатын беймәлім зат" деп болжап, әлеуметтік желіде бөліскен.

Белгісіз зат Мексиканың Тамаулипас штаты, Сиудад-Мадеро жағалауы, Мирамар жағажайында 1 ақпанда көрінген.

'Patty Azuara' есімді әлеуметтік желі қолданушысы бөліскен видеода теңіздің үстінде жарқыраған үлкен нысан көрінеді.

Ол парақшасында "Бүгін мен таңғы 7.12-де жағажайда жүгіріп келе жатып, осы шамдарды байқадым" деп жазды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НЛО жағажай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір