04 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: Жанболат Мамайдың facebook парақшасынан
Бүгін, 4 ақпанда белсенді Макс Боқаев түрмеден шықты, деп хабарлады azh.kz сайты.
Сайт мәліметінше, Макс Боқаев түзеу колониясынан таңғы сағат 6:00-де шыққан. Оны алдынан жақтастары мен БАҚ өкілдері қарсы алған.
Боқаевтың айтуынша, таңертең ерте бараққа қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖ) қызметкерлері күтпеген жерден келіп, бірге сыртқа шығу керегін айтқан.
Аzh.kz ақпаратына сәйкес, бұл саяси белсендіні босату төңірегінде дүрбелең туғызбау үшін және Боқаевты колония алдында қарсы алғысы келетін адамдарды жинамау үшін жасалған.
– Халықтың қолдауы болмаған жағдайда мені жоқ қылып жіберетін еді. Сүйегімді таба алмайтын едіңдер. Рақмет сол үшін! Рақмет, халайық! Айтайын дегенім, қазір теледидардан, радиодан, газеттерден жағдайды қарап отырмын ғой. Назарбаев тақтан кетсе де 5 милиметр ғана өзгеріс бар. Алып бара жатқан өзгеріс жоқ. Әрі қарай қоғамдық жұмыстарды жалғастыра беремін. Маған тыйым салса да жалғастырамын. 10 жыл бойы қоғамдық жұмыста жүрмін. Менің ұсынысым: 28 ақпанда жексенбі күні митинг ұйымдастыру. Мен өзім барамын. Бүкіл Қазақстан шығайық, – деді белсенді.
Макс Боқаев үкімет ақылға келмесе, сөзін тыңдамаса, 3 наурыздан бастап алаңдарға шатыр тігіп отыру керегін айтты.
Белсенді Макс Боқаев 2016 жылғы жер дауын көтерген митингтерден кейін 5 жылға сотталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір