• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:17:27
Алматы
+35°

ВВС Қытайдағы аз ұлттарға арналған лагерьлердегі әйелдерді жүйелі түрде зорлау және азаптау туралы егжей-тегжейлі хабарлады. Мақала АҚШ мемлекеттік департаментінің назарын аударып, департамент мәлімдеме жасады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі бұрынғы ұсталғандар мен күзетшілердің сұхбаттарына негізделген ВВС мақаласына сүйеніп "қатыгездіктер бізді қатты алаңдатты. Бұл қатыгездіктер ар-ұжданға да ауыр соққы. Мұндай саясаты үшін Бейжіңге үлкен салдары бар жауап қайтару керек" деп айтты..

Австралияның Сыртқы істер министрі Марис Пейн де мәселене үн қосып, Біріккен Ұлттар Ұйымы аймаққа "жедел баруы керектігін" айтты.

– Біз ашықтықты өте маңызды деп санаймыз және Қытайдан халықаралық бақылаушыларға, соның ішінде БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетке Шыңжаңға жедел және шектеусіз түрде кіргуе мүмкіндік беруін талап етеміз, – деді ол.

Ал Қытайдың сыртқы істер министрлігі ақпаратты "жалған хабарлама" деп үзілді-кесілді жоққа шығарды.

ВВС мақаласында Қытайдың Шыңжаң аймағындағы ішкі лагерьлерде жаппай азаптау, жыныстық зорлық-зомбылық туралы айыптаулар егжей-тегжейлі сипатталған. Мақаланың бас суретіне Сайрагүл Сауытбайдың суреті қойылып, оны "жаппай жыныстық зорлық-зомбылық куәгерлерінің бірі" деп жазған.

Тәуелсіз есептер бойынша, бүгінде лагерлерде миллионнан астам адам қамауда отыр. Бейжің лагерьлер аз ұлттарды "қайта тәрбиелеу" үшін салынғанын айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: BBC Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір