• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:59:53
Алматы
+12°

Мемлекет басшысы мəдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты. 

"Райымқұлова президентке мəдениет, спорт, туризм, архив, кинематография салаларында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен қатар биыл өтетін тәуелсіздіктің 30 жылдығы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын және өзге де атаулы мерейтойлық даталарды атап өтуге байланысты жасалатын жұмыстардың жайы баяндады.

Министр Шəкен Айманов атындағы "Қазақфильм" студиясы мен ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жұмысы, "Кинематография туралы" заңға енгізілетін толықтырулар жөнінде айтты. Мемлекет басшысына Токио олимпиадасына дайындық жұмысы, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізу бойынша мəлімет берді" делінген ақпараттық хабарламада

Ақтоты Райымқұлова пандемия кезінде ішкі туризмге сұраныстың арта түскенін жеткізген. Саланы ынталандырудың тиімді тетіктерінің бірі – балалардың демалыс орындарына ұшақпен баруын субсидиялау екенін, осыған қатысты тиісті түзету "Туризм қызметі туралы" заң жобасына енгізіліп, республикалық бюджеттік комиссия тарапынан қолдау тапқанын атап өткен.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтоты Райымқұловаға идеологиялық, тәрбиелік маңызы зор жұмыстарды, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын, цифрландыру бойынша қолға алынған бастамаларды сапалы жалғастыру, министрліктің онлайн жобаларын жандандыру жөнінде тапсырма берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір