• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:26:07
Алматы
+12°

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Қостанай облысы филиалының өкілдері төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқаны туралы жалған ақпарат берген азаматтар 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қайтаруы керектігін мәлім етті. Бұл туралы "Костанайские новости" басылымы хабарлады.

Қостанайда төтенше жағдай кезінде декреттік демалыста болса да 42500 теңге алған бірнеше келіншек бала күтіміне байланысты жәрдемақы рәсімдеу кезінде қиындыққа тап болған.

Жас аналар заң бойынша 42500 теңге алуға құқығы болмағандықтан, енді қаражатты өз еркімен қайтаруға тиіс.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Қостанай облысы филиалының мамандары декреттік демалыстағы әйелдердің табысын тексеру барысында олардың ТЖ кезінде әлеуметтік төлемді алғандарын анықтаған. Енді жүктілік пен бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны тағайындау үшін әйелдер 42500 теңгені қайтаруы керек.

Бұған дейін әлеуметтік желіде кейбір әлеуметтік санат өкілдеріне жәрдемақы төленбей жатқаны, оған төтенше жағдай кезінде тиісті емес әлеуметтік төлемді алғаны себеп екені хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 42500 теңге

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір