• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 03:39:34
Алматы
+35°
Ақтөбеде каратеден Азия чемпионы Дәулет Хайролла қаза тапты. Күдікті ретінде 18-19 жастағы жігіттер ұсталды, деп хабарлады ratel.kz сайты.

Алдымен мессенджерлерде "2021 жылғы 4 ақпанда сағат 01:51-де Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан көшесіндегі "Стадион" аялдамасы маңында тұрған мемлекеттік номері 756 PVA 04 ВАЗ 2107 автокөлігінің ішінен 29.10.2002 жылы туған азамат ХАЙРОЛЛА Дәулет Төлеубайұлының денесі табылғаны" туралы ақпарат тараған. Хабарламада спортшы атыс кезінде оқ тиіп, қайтыс болғаны айтылады.

Спортшының қазасы туралы ақпаратқа прокуратура мен облыстың ішкі істер департаменті пікір білдірмегенімен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қаралы хабарды растап, медициналық тасымал кереуетте жатқан Дәулет Хайролланың мәйіті екенін мәлімдеді.

Дәулет Хайролланың мәйіті

Бейресми деректер, кісі өліміне әдеттегі жанжал себеп болғанын көрсетеді. Дәулет Хайролла о баста жанжал болған қала шетіне досына қолдау көрсетуге келген. Алайда ерегіс соңы ушыға келе атысқа ұласып, қаңғыған оқ кездейсоқ Дәулетке келіп тиген. Атқан жігіттер не істерін білмей, қатты қорыққанынан Дәулетті көліктеріне салып,  қалада әрлі-берлі жүріп, ақырында денесін Орталық стадион маңына көлікте қалдырып кеткен. 

Дәулет Хайролла киокушинкай каратеден 2018 жылғы Азия чемпионы, қоңыр белбеу иегері болатын. Келесі аптада ел кубогы үшін өтетін жарысқа қатысқалы отыр еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір