Фото: Ашық дереккөз
"Соңғы айларда Малавиде альбинизммен ауыратындар нысанаға алынып өлтірілуде" деп мәлімдеді Amnesty International құқық қорғау ұйымы.
Өткен аптада екі адам 12 жастағы альбинос қызды үйінен ұрлап әкетуге тырысқан және басқа жерде альбиизммен ауыратын 26 жастағы Саиди Дитон өлтірілген.
Үш ер адам оны 27 қаңтарда өлтіргенін мойындады, ал төртінші күдікті іздеуде.
Бұл соңғы төрт айда елде альбинизммен ауырған адамдарға жасалған жеті шабуылдың екеуі ғана. Қаскөйлер альбиностарды өлтіруге және ұрлауға тырысып қана қоймай, олардың қабірлерін де нысанаға алған.
Бұған дейін адам құқығы ұйымы есебі альбинизммен ауыратын адамдарды "жануарлар сияқты" аулап, өлтіріп жатыр деп хабарлаған.
Бұл оқиғалардың себебі, жергілікті "дәстүрлі сенім" бойынша кейбіреулер осы әлсіз топтағы адамдардың "дене мүшелері мен сүйектері сәттілік береді" деп сенуінде. Жергілікті дәстүрлі "сиқыршы-емшілер" альбинизммен ауыратындардың дене мүшесі арқылы "бақытты ететін" сусындар жасайды. Сол себепті олар өте қымбат бағамен сатылады.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары кеңсесінің 2016 жылғы есебіне сәйкес, "Альбино аңшылары аурудың бүкіл денесін 75000 долларға дейін сатады".
Amnesty International адам құқығы ұйымының Африканың оңтүстігі бойынша директорының орынбасары Мулея Мвананянда соңғы шабуылдар альбинизммен ауыратын адамдардың мүлде қауіпсіз емес екенін көрсететінін айтып, ескерту жасады.
– Бұл шабуылдар "жазасыздық мәдениетінен" туындайды және Малавия билігі қылмыскерлерді әділ сотқа тарту үшін жедел түрде әрекет етуі керек, – деп қосты ол.
Альбинизммен ауыратын адамдар қауымдастығының атқарушы директоры Менард Захария Мвананянда ханымның пікірін қолдай отырып, Малави үкіметі "ішкі және халықаралық адам құқығы заңдары бойынша құрбандарға әділеттілікті қамтамасыз етуге міндетті" деп мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір