• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:31:50
Алматы
+35°

Айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы театрдың instagram парақшасында жарияланды.

"Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне Ринат Зайтов тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы – Ғани Айдарұлы Майлибаев таныстырды" делінген хабарламада.

Ринат Зайытов – 1983 жылы 17 қараша айында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. 

Ол 2001-2008 жылдар арасындағы аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы. 2008-2010 жылдар аралығында республикалык айтыстағы дүлдүл жеңімпазы болған.

Аягөз ауданының құрметті азаматы, "Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін" медалінің иегері.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от «АЛАТАУ» дәстүрлі өнер театры? (@alatau.theater)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ринат Зайытов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір