• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:43:00
Алматы
+35°

Алатау дәстүрлі өнер театрына басшылық қызметке тағайындалған айтыскер ақын Ринат Зайытов өзін құттықтап жатқандарға алғыс білдіре отырып, бұл қызметті өзіне артылған жауапкершілік деп түсінетінін жеткізді.

"Жалған сөйлеп, ақталудан аулақпын. Дегенмен де қайда барып, не істесем де барлығы әуелі Жаратушы, сонан соң өмірлік тілекшім, сақтаушым, жанашырым да Халық болғандықтан бір ауыз түсіндіріп өтейін. Адам бір нәрсеге қабілетті екенін көрсетпейінше, ешкімге ештеңені құр сөзбен дәлелдей алмайтыны айдан анық. Сондықтан маған берілген бұл мүмкіндік бірінші кезекте өзіме сынақ. Үш жүзге сөйлеп жүрген ақындарыңыз екі жүз адамды жұмылдырып жұмыс істете алмаса, оның пайдасы не? Осы сөзбен келісетін шығарсыздар? Өмірдегі ең үлкен тілегім өз елімнің бір бұрышында қазақ өнеріне адал қызмет ету ғана. Оны талай жерде айтып та жүрдім. Міне сол тілегімнің алғашқы күні бүгін өтті. Құттықтау артық. Сәттілік тілесеңіздер, алғысым шексіз. Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшылығына сенім білдіргеніне көп рахмет. Әзірге осылай" делінген Ринат Зайытовтың желідегі жазбасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ринат Зайытов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір