• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:21:54
Алматы
+12°

Қазірдің өзінде бірқатар елден отандық вакцинаға қызығушылық бар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

– Бірқатар мемлекет тарапынан қазақстандық вакцинаға қызығушылық бар. Олар байланысқа шықты. Барлығы клиникалық зерттеулер нәтижесін күтіп отыр.

Осы уақытқа дейін "QazCovid-In" вакцинасы үш мың еріктіге cалынды. Олардың жағдайы жақсы, жағымсыз әсер байқалған жоқ. Шамамен, сәуір айында вакцина шығарылады. Біз оған үлкен сенім артып отырмыз. Алдын ала болжам бойынша отандық вакцинаның тиімділігі 90 проценттен асып отыр. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, –  деді министр.

Цой отандық вакцина шыққан бойда ішкі нарыққа жіберілетінін және бірінші болып салдыратынын атап өтті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір