11 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: kaztag.kz
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жоғары сот судьясы Мейрам Жанғұттинов ірі көлемдегі ақша алу кезінде ұсталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік пен жоғары соттың ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде, 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында қомақты пара алу кезінде жоғарғы сот судьясы ұсталды.
"Қаражат оның жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген. Осы уақытта Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы ұсталды", делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты бұдан басқа ақпарат жарияланбайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір