14 Ақпан, 2021 Барлық аймақтар
Фото скриншот
Есік ауылының перзентхана қызметкерлері мінген шағын автобустың жол апатына түсуіне байналысты облыстық түсініктеме берді, деп хабарлады zakon.kz
– 14 ақпан күні таңғы сағат 07:40 шамасында Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің кезекші станциясына Талғар-Есік-Бәйдібек би тас жолының 72-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы бұған дейін Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 41 жастағы жүргізушісі шығыс бағытта, 73 км, Сатай ауылына жақын жерде, көктайғақ пен тұманның кесірінен тізгінге ие бола алмай, көлік аударылған, деп түсініктеме берді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.
Департамент жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басталғанын айтты. ҚР ҚК 345-баптың, 2-бөлігі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бұған дейін Алматы облысында перзентхана қызметкерлері бар шағын автобус аударылып қалғаны белгілі болды. Онда 18 адам болған. Жарақат алған жүргізуші әйнекті сындырып, көлік ішіндегі адамдарды түсіріп үлгерген. Алайда төрт адамның жағдайы ауыр.
Айта кетсек бұл "ГАЗельді" басшылық емес, қызметкерлер өздері жалдаған. Тасымалдауды аурухана басшылығы қамтамасыз етуі керек болған, – дейді kris_p_issyk Instagram-дағы видео авторына сілтеме жасап.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиға орнынан түсірілген фотосуреттер мен видеолар әлеуметтік желілерде тарала бастады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір