• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:49:07
Алматы
+12°

Танымал блогер EverythingApplePro Макс Вайнбах инсайдерден алған эксклюзив ақпарат негізінде iPhone 13-те қандай функциялар болатынын айтт, деп хабарлады Apple Insider.

Инсайдер мәліметінше, iPhone 13 дисплейінің кадр жиілігі 120 герц болады. Компания iPhone 12-де бұл функциядан бас тартқан еді.  Өйткені қуат көп кететін. Ал iPhone 13 дисплейі энергия үнемдейтін LTPO технологиясы бойынша жасалмақ. Сондай-ақ  iPhone 13 экранының жоғарғы жағы кішірек, артқы панелі берік болатыны хабарланды.

Смартфонда автоматты астрофотография режимі және портреттік бейненің жаңа режимі болуы мүмкін. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір