16 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: primeminister.kz
Үкімет қаулысымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Тимур Жақсылықов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тарихшы, Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саяси зерттеулер институтының саяси ғылымдар және мемлекеттік басқару магистрі.
Еңбек жолын 1985 жылы Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының 2-разрядты жұмысшысы болып бастаған.
2018 жылы екі ай қыркүйектен қарашаға дейін елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болған.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазірге дейін Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі лауазымын атқарды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір