• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:14:47
Алматы
+12°
Алматыда екі күннен бері тергеу изоляторынан қашып кеткен адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы журналист Михаил Козачков telegram-да хабарлады. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мамандары оқиға 15 ақпанда болғанын растады.
 
Желіде тараған ақпаратта күдікті 15 ақпанда 15:00 мен 17:00 аралығында қоғамдық қорғаушымен кездескені айтылады. Кездесуден кейін күдікті дәретханаға сұранып, артынша кездесу бөлмесінде жасырынып қалған. Ол жерде қас қарайғанша отырып, сағат 20:30-да әкімшілік ғимараттың акт залына өтіп, сол жердегі қосымша темір есікті бұзып, қашып кеткен. Бір қызығы, оның жоқтығы келесі күні барып анықталған.
 
Ақпаратты растаған қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мамандары оқиға Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінде болғанын хабарлады. Қашып кеткен адамның аты-жөні Д.Т. Давутов. 1987 жылы туған. Аталған дерек бойынша Алматы полиция департаменті қылмыстық кодекстің 426-бабына сай (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу) тергеу бастаған, іздеу шаралары жүруде. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс басталды. Жауапты лауазымды тұлғаларға тиісті шара қолданылмақ.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір