• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:02:33
Алматы
+12°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомстаға қарасты мониторингтік топ жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында Шымкент қаласының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушылардың құқықтарын бұзудың көптеген фактілері анықталғанын хабарлады.

Тексеріске Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутова Instagram-дағы шағымы негіз болған. Бұған дейін Әлия Мамутова І топтағы мүгедек қызы мекемеде 7 жыл бойы зорлағанын хабарлады. Оның айтуынша, эпилепсиямен ауыратын қызы есінен танған кезде оның денесіне қол сұғылған. 

"Тексеру барысында қызмет алушылар құқықтарының бұзылу фактілері және Орталық қызметін ұйымдастыруда кемшіліктер анықталды. Мысалы, бірнеше палатада жатын алаңдар белгіленген нормаларға сәйкес келмейді. Тиісті 5 шаршы метр алаңның орнына қызмет алушыға 3-тен 4,5 шаршы метрге дейін келеді. Кейбір қызмет алушылардың жеке жұмыс жоспарлары оңалтудың жеке бағдарламасы ескерілмей жасалған. Бұдан басқа, қызмет алушылар жұмсақ инвентарьмен және киіммен толық көлемде қамтамасыз етілмеген. Қызмет алушылардың киімінің маркировкасы жоқ.  Сондай-ақ асхана, ас бөлмесі, азық-түлік қоймасын тексеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Олар Орталықтың лауазымды адамдарында тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді, ас блоктарында және басқа да үй-жайларда антисанитариялық жағдайлардан қызмет алушылардың жаппай жұқтыру қаупі бар" деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар министрлік тарапынан осыған дейін жасалған ескертулер бойынша әрекет жасалмаған.

"Тексеру нәтижелері бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне Еңбекминінен біліктілік талаптарын ескере отырып, орталық директоры Мырзахан Жолтаевты атқаратын лауазымынан босату және мекеме басшысын қоғамның белсенді өкілдері қатарынан тағайындау туралы мәселені қарау жөнінде ұсыныс жіберілді" делінген ақпараттық хабарламады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір