• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:35:56
Алматы
+12°

2021 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен 430,3 мың отбасы қамтылды. Бұл мақсатқа жалпы сомасы 22,5 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан аталған мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады.

2021 жылы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46760 мың теңгеден (4 бала) 186 688 теңгеге (16 бала) дейін сараланды. Оның ішінде 7 балаға – 81852 мың теңге, 8 балаға – 93344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге беріледі.

Көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әлеуметтік төлем

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір