20 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ашқан шкафтың есігі құлаған видео тарап жатыр.
Qumash телеграм-каналының хабарлауынша, оқиға Шығыс Қазақстан облысы Қайнар ауылында болған.
Видеодан облыс әкімінің емханадағы кабинеттерді аралап жүргенін көруге болады. Әкімге ерген адамдардың бірінің "экстренный дәрілер бар" деген даусы шығады. Бір мезетте әкім кабинет бұрышында тұрған шкафтың жоғары жағын ашады. Енді төменгі жағына үңілмек болғанда медициналық халаттағы әйел шкаф есігін қайта жаба қояды. "Аш, аш, аш" деген дауыстан кейін қолын тартқаны сол-ақ еді, әкімнің қолы тиген шкаф есігі жерге құлап қалды. Мұны көрген облыс әкімі "айналайын" деп жанындағы ер адамның иығынан қағып ары қарай жүріп кетеді.
Ал кеше Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарына есеп беріп тұрған кезде мінберге желімделген Елтаңба кенет өзінен-өзі жерге құлап түскен. Оны көрген Сапарбаев қоластындағы қызметкерлеріне "Алсайшы ананы" деп бұйыра сөйледі де, сұрақтарға жауап беруін жалғастырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір