Фото: Ашық дереккөз
Сидней Олимпиадасының чемпионы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ермахан Ибрайымов митингке шығуының себебін түсіндіріп, өзінің намысына тиген сөздерге жауап берді.
– Халықтың көбісі митингке боксшы келсе ұру үшін келді деп ойлайды. Мен халықты ұру үшін жүгіргенім жоқ. Мен "Нұр Отан" партиясы атынан депутаттыққа үміткер ретінде тіркелдім. Сондықтан халық алаңда айқайлап тұра бергеннен бір мәмілеге келіп, сөйлеспекші болдым.
Мен сол күні қара маскада тұрдым. Халық сонда да мені танып қойды. Таныса да тұра бердім. Таныды-ау деп қастарына барғанымда олар "Ермахан бізді ұруға келді" деп ойлады. Содан екі әйел менің көкірегімнен итеріп, "Ермахан кет", "Ермахан сен онбағансың", "Сен халықтың сатқынысың" деді. Мен оларға бір ауыз сөз айтпастан жабыла бастады.
Әрине мен ешкімді кінәламаймын. Менің намысыма тигені "Ермахан сен "Нұр Отан" партиясының құйыршығысың, сен солардың сөзін сөйлейсің", "Сен халқыңды саттың" деген сөздер. Мен ешкімнің құйыршығы емеспін. Мен халықпен ашық диалог құру үшін келдім, – деді боксшы.
Еске сала кетейік, сайлауға бойкот жариялап 10 қаңтар күні алаңға шығып, арнайы жасақ қоршауында болған "Демократиялық партия" бастамашыл тобын сабырға шақыруға тырысқан Ермахан Ибраимов наразы топпен жанжалдасып қалған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір