Сидней Олимпиадасының чемпионы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ермахан Ибрайымов тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

– Бірінші кезекте елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа біздің тыныштығымыз үшін рақмет айтамын. Ол 100 пайыз Қазақстанның шекарасын шегелеп тастады. Мәселен көршілес Қырғыстан мен Тәжікістан мемлекеттерінің арасында көптеген мәселелер шешілмей келе жатыр. Бірақ Қазақстанның бірінші президенті Н. Назарбаев бүкіл шекараны және Каспий-дегі шекараны сызып тастады. Міне мен осы үшін елбасыны қатты сыйлаймын. Осыны жасап елге бейбітшілік орнатып отыр, – деді боксшы.

Сонымен қатар Олимпиада чемпионы президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы да пікірін айтты.

– Тоқаев 2 жылдың ішінде елге көптеген жаңалықтар енгізді. Мәселен жастарға жол ашылды, жағдайы төмендерге көмектесті, зейнетақы қорындағы қаражатының 50%-ын жаратуға мүмкіндік берді, – деп Е. Ибрайымов сөзін түйіндеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір