• USD 425.13

  • EUR 503.01

  • RUB 5.81

  • CNY 65.79

06 Тамыз, 06:11:26
Алматы
+19°

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің есімі Марс ғаламшарына жетті, деп хабарлады dimashnews сайты.

Сайт мәліметінше, 18 ақпанда жаңа Perseverance ровері Марс ғаламшарына ғылыми жабдықтармен қатар, миллиондаған адамның есімдерін алып барды. Олардың арасында Димаш Құдайбергеннің де есімі бар.

Сондай-ақ, Perseverance Марсқа коронавирус инфекциясымен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш тақта мен NASA-ның "Марсқа өз есіміңді жібер" акциясына қатысқан 11 миллионға жуық адамның аты жазылған тырнақ көлеміндегі үш кремний чипті жеткізген.

Бұған дейін АҚШ, Түркия, Ресей және тағы басқа елдердегі Dears (Димаштың жанкүйерлері) тақтайшаға Димаш Құдайбергеннің есімін қоюды ұсынған.

Perseverance роверінің Марстағы ежелгі өмірдің белгілерін іздеу мен планетаның бетін зерттеу миссиясы шамамен екі жылға созылады деп күтіліп отыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір