• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 04:51:48
Алматы
+12°

Семей қаласының тұрғыны Ольга Карашева күйеуі Руслан Карашевтің қазасына полицейлердің қатысы бар деген пікірде. Жәбірленушінің күйеуі 2020 жылғы 11 қарашада қайтыс болған. Оның денесі тұрғынүй аулаларының бірінен табылған. Денеде көптеген соққы іздері болған. Әйелдің айтуынша, ол іздер дубинкамен ұрғаннан қалған. Ресми ақпаратта ер адам шамадан тыс есірткі қолданғаннан қайтыс болғаны айтылады. Тексергенде де оң қолынан ине іздері анықталған, деп хабарлады arnapress.kz сайты. 

– Күйеуімді өлтіріп кеткеніне 100 пайызға сенімдімін. Тіпті, соққы іздері, жарақаттың көлемі, қолдағы көгерген тұстардың бәрі полиция қызметкерлерінің дубинкамен "жұмысына" ұқсайтынын экспертиза көрсетіп отыр. Біз жүгінген адвокаттар да осылай дейді. Өйткені білек, қол, қолтықтың асты қанталап тұрды. Бүйректен ұрған. Іштен екі рет ұрған. Сыртында жарақат іздері байқалмағанымен, мәйітті ашу кезінде екі жердің жыртылғаны анықталды, – дейді әйел.

Адам өліміне себеп бола алатын осындай айқын белгілерге қарамастан, ресми деректе "өлімге есірткіні артық дозада қолдану себеп" делінген. Ольга Карашева полицейлер осы арқылы "қылмыстың ізін жасырғысы" келеді деп санайды.

– Сол күні (11 қараша) полиция қызметкерлері келгенде күйеуімнің барсеткасы мен телефонын берді. Барсеткаға балшық жұққан. Оны өлтіріп кеткенін бірден білдім. Олар "ол нашақор болатын, асқын дозировкадан қайтыс болды" деп айтты. Мен ант етеп, ол ешқаншан инеге отырған емес. Олар ештеңе "тыңдағымыз келмейді, қағаздарға қол қойып бер, сонымен бітті" деді, – дейді жесір әйел.

Ине ер адамның оң жақ шынтағына салынғаны да әйелдің күдігін қоюлата түскен. Ольга Карашеваның айтуынша, күйеуі солақай болмаған. Сондықтан ол өз бетінше оң қолына инъекция жасауы мүмкін емес. Ал құзырлы органдар "Руслан Карашев инені өзіне-өзі салды" дейді. 

Жәбірленуші полицейлер күйеуі туралы мінездемені жұмысынан не көршілерден емес, нашақорлардан алғанына ашынады.

Сондай-ақ Ольга Карашева сотмедэксперттің тергеушімен "өлім қатты затпен ұрғаннан, жыртылу мен іштен қан кетуден болды" дегенін естігенін жеткізді. Артынша эксперт жәбірленушінің өзіне "мұндай жарақатпен бір сағаттан артық өмір сүре алмайтын еді" деп мәлімдеген.

Әйелдің айтуынша, күйеуі өлгеннен кейін полиция қызметкерлері оның есепшотынан Kaspi қосымшасы арқылы 120 мың теңге шешіп алған.

– Полицейлер телефонды маған 20 сағат 05-07 минутта қайтарып берді. Ал 20:02-де шоттан ақша шешілген. Мұны полицейлер ғана істей алады. Олар бес адам болған:төртеуі ақшаны 30 мың теңгеден бөліп алғанын мойындады, – деген әйел тергеу үшін күйеуінің қабірін ашуға әзір екенін жеткізді.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс тек бір айдан кейін 9 желтоқсанда қозғалған. Бастапқыда "абайсызда болған кісі өлімі" бойынша қозғалған іс жәбірленушінің арыз-шағымынан кейін "кісі өлтіру" бабына ауыстырылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кісі өлімі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір