22 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: 24.kz
Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко хабаралады.
– Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты, – деді адвокат.
Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған. Экс-министр 3 қарашада аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен ұсталған.
2020 жылдың қарашасында адвокаты Дмитрий Кураченко Біртановтың үйқамақта екенін мәлімдеді.
2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты экс-министрді үйқамақта болуын ақпанның соңына дейін ұзартқан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір