• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:26:56
Алматы
+12°

ҚР Қаржы министрлігі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы барлық ақша аударымына салық салынады" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады stopfake.kz сайты.

"Әр сатып алу, достарына немесе туыстарына жасаған ақша аударымы үшін салық төлеуге тура келетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жеке тұлғалардың бірде-бір ақша аударымына салық салынбайды және мұндай салықты енгізу жоспарда жоқ" деп хабарлады ведомстводағылар.

Министрлік вице-премьер Әлихан Смайылов айтқан кәсіпкерлердің қызметіне немесе сатылған тауарлар үшін ақша аударымдарына салық салу қажеттігі туралы айтқаны тек заңды тұлғаларға ғана қатысты екенін хабарлады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: салық аударым

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір