• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 07:18:07
Алматы
+12°

Депутат Нәзилә Раззақбайқызы айлық жалақының төленбеуіне қатысты үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдады.

– Қазіргі уақытта еңбек құқықтарының бұзылуына, соның ішінде айлық жалақының төленбеуіне байланысты шағымдар көп. Мысалы, "Атыраустройпроект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларына бес ай бойы жалақы төленбеген. Осыған байланысты ұжымдық шағымға Атырау облысының еңбек инспекциясы тиісті тексеру жүргізудің мүмкін еместігін айтып, жауап берген. Оған себеп ретінде президенттің 2020 жылғы 1-ші қаңтардан бастап шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге, сондай-ақ, пандемияға қарсы шектеу шараларына байланысты мораторий енгізу туралы жарлығын алға тартып отыр.

Қызылорда облысында да дәл осындай жағдай. Аталған облыстың еңбек инспекциясы да қолданыстағы мораторийге байланысты “Бади-Нұр KZ” мекемесінде жұмыс істейтін 20-дан астам азаматтың ұжымдық өтініші бойынша тексеру жүргізуден бас тартқан. Оларға 4 ай жалақы төленбеген.

Алайда, Жарлыққа сәйкес, халықтың өмірі мен денсаулығына, заңдылықтар мен қоғамдық тәртіпке қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алуға немесе жоюға бағытталған тексерулер жүргізуге болады.
Ол орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының шешімі негізінде қолға алынады, – деді Нәзилә Раззақбайқызы.

Сондықтан, депутат ең алдымен, Еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығын және жұмыскерлердің елдің Конституциясы мен заңдарында кепілдік берілген еңбек құқықтарын сақтау бойынша нақты шаралар қабылдауды атап айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір