24 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: Петр Троценко
Енді масканы иекке дейін немесе мұрнының астына түсіріп қойған шығысқазақстандықтарға айыппұл салынады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы мәлім етті, деп жазады yk-news.kz.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, маска кию талаптары нақтыланғанын хабарлады.
"Маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеті бетке мықтап жабысып тұруы керек. Сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеген жөн. Енді масканы дұрыс тақпағандарға (иекке дейін немесе мұрнының астына түсіріп қою) айыппұл салынады" деп хабарлады кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір