Серік Рахметоллаұлы Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды" делінген хабарламада.

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын, президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, сондай-ақ БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы "Чапаев" зауытында жұмысшы болып бастаған. Ауылшаруашылығы институтын бітіргеннен кейін зауытқа қайта оралды.

1990-1993 жылдары Орал облыстық Қазақстан жастар одағы идеологиялық бөлімінің меңгеруші-хатшысы болған.

1993 жылы Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы болып тағайындалды.

1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор, ұйымдастыру және кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2000 жылдан 2001 жылға дейін қаржы министрлігінің ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

2001-2007 жылдары премьер-министрдің кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған.

2007-2016 жылдары президенті әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2016 жылғы қазанда ауылшаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

2017 жылғы наурызда "Қазақстан" РТРК басқарма төрағасының өңірлік даму жөніндегі орынбасары болған.

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап қазірге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір