• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:59:09
Алматы
+12°

Бірккен Корольдіктің соғыс ұшақтарын тасымалдайтын әскери кеме Оңтүстік Қытай теңізіне кірді. Лондонда шығатын The Telegraph газеті ақпаратына сәйкес, бұл аймақтағы жағдай ушығып тұрған кез.  "Оған қоса, 45 типті екі жойғыш, 23 типті екі фрегат соғыс кемесі, ядролық сүңгуір кеме, Tide-класс танкері және "RFA Fort Victoria" әкери кемесі бірге жүреді" деп жазады басылым.

Жақында Қытай "егемендігін қорғау үшін қажетті шараларды" қолданатынын ескертті және аймаққа кірген шетелдік кемелерге қару қолданатыны туралы Бейжіңнің заң қабылдап жатқаны төңірегінде ақпарат пайда болды.

Корольдіктің қорғаныс және қауіпсіздікті зерттеулер институтының біріккен қызметтер орталығының  (RUSI) аға ассистенті Чарльз Партон Telegraph басылымына операция британиялық тасымалдаушыға қауіп төндіруі мүмкін екенін мәлімдеді.

–Оңтүстік Қытай теңізінде жүзетін кемелердің саны көбейіп жатыр, сондықтан алда шиеленісті жағдайларды көреміз. Демек, қақтығыстың пайда болу қаупі жоғары,–дейді ол.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір