• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 09:15:46
Алматы
+12°

Алматы, Талдықорған қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы өңірлердің бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес:

  • білім беру орталқтары 15 адамнан айспай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
  • 50 адамға дейін қатысатын мәдениет обьектілері мен концерт залдарына рұқсат беріледі;
  • толымдылығы 30%-дан аспай театр, кинотеатрлар, цирктердің жұмысына рұқсат етіледі.

Талдықорған қаласының бас санитар дәрігері С. Мельдебаев коронавирус инфекциясын алдын алу үшін өз қаулысына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Бас санитар дәрігердің қаулысында төмендегідей талаптар бар:

  • білім беру орталықтарында 15 адамнан аспай оқытуға рұқсат беріледі;
  • жалпы білім беретін мектептерде 5, 6, 7, 8 және 10 сыныптарды қоса алғанда онлайн-білім беруді ұзартылады;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің (объектілерінің) басшылары, барлық және жеке тұлғалар карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Ақмола облысының бас санитар дәрігері А. Мусина карантиндік жаңа шектеу шаралары 27 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

Қаулыға сәйкес:

  • отбасылық, естелік (банкет, уйлену той, мерейтой, дұға) және көп жиналатын өзге де ic-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;
  • жерлеу ic-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр кашықтықты
    сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейді;
  • кезекі топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады;
  • қалааралық қоғамдық көліктердің қызметіне рұқсат беріледі;
  • мәдени обьектілердің қызметіне рұқсат беріледі.

Ақтөбе облысы Мөртөк ауданы бас санитар дәрігері Н.А. Беркимбаеваның қаулысы 24 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

"Атырау облысы Мәртөк ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы" Ақтөбе облысы бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 28 қаңтарындағы №ПГСВ-3 қаулысының күші жойылсын деп танылсын" делінген құжатта.

Қарағанды облысына қарасты Қазыбек би атындағы ауданының бас санитар дәрігері Н. М. Аймағамбетов карантин шараларына қатысты жаңа қаулысын жариялады.

Аталған құжатта Қазыбек би атындағы ауданы аумағында шектеу шараларын жеңілдету туралы бас санитар дәрігердің 6 ақпандағы №414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

  • бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларының (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салынады;
  • қызметкерлердің 50%-ын қашықтан жұмыс жасауға көшіру;
  • СПА орталықтары, монша, сауналары карантин режимін сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
  • мешітте намаз оқуға рұқсат беріледі.

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері  Х. Илюбаев коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында 19 ақпандағы №4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары:

Бас санитар дәрігерінің қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына" сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін".

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Б. Әлиев 25 ақпанда карантин шаралары туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулы 27  ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Аталған қаулыға сәйкес:

  • бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларының (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салынады;
  • мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • мектепке дейінгі мекемлердің жұмысына тыйым салынады;
  • 30 адамнан аспаса мәдениет объектілерінің қызметіне рұқсат етіледі.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір